Атырау, 22 қараша 14:03
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Ұлыбритания "Касперский лабораториясы" тыңшылық жасады деп күдіктенеді

13 қараша 16:50


Ұлыбританияның ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне жауапты барлау қызметі елде ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының антивирустық бағдарламалары таралып жатқанына алаңдайды. Financial Times басылымының Ұлыбритания үкіметі өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Ұлыбританияның үкіметтік байланыстар басқармасы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) бұл компания өнімдерін тыңшылық жасауға пайдаланады деп күдіктенеді. Мысалы, үкімет қызметкерлері немесе әскерилерге тыңшылық жасалу қаупі төнген.

Өзінің екі миллион клиентіне "Касперский лабораториясының" антивирустық бағдарламаларын тегін пайдалануға ұсынатын Bank Barclays ресейлік компаниямен ынтымақтастығын үзбек. Дегенмен, банк мәліметтерінің әшкере болып кеткені туралы мәлімет те әзірге шыққан жоқ. Ал "Касперский лабораториясы" тағылған айыптардың барлығын терістейді.

18 қыркүйекте АҚШ сенаты федералдық мекемелерге "Касперский лабораториясы" өнімдерін қолдануға тыйым салған. Компания басшысы Евгений Касперский бұған жауап ретінде компаниясының "Ресей аврнайы қызметіне де, басқа үкіметтік органдарға да қатысы жоғына барлық дәлелін" көрсетуге уәде берген. Компания бұған қоса 2018 жылдың басында тәуелсіз сарапшылар тексере алуы үшін бағдарламаларының әуелгі коды мен келешекте жаңартылатын кодын жария етуге де уәде берген.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

194 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Шотландия Ұлыбритания құрамында қала беруі мүмкін  518 рет қаралды

Ұлыбритания Ресейдің кибершабуыл жасағанын мәлімдеді  128 рет қаралды

Ақ үй "Касперский" бағдарламаларын пайдалануға тыйым салды  249 рет қаралды

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсантын өлтіріп кетті   277 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5