Атырау, 22 қараша 13:58
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Облыстық мәслихатты Өмірзақ Зинуллин басқаратын болды

13 қараша 17:11
Өмірзақ Зинуллин.

13 қарашада облыстық мәслихаттың депутаттары кезектен тыс 18-ші сессиясында ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ «Нұр Отан» партиясынан сайланған Өмірзақ ЗИНУЛЛИНГЕ және Баязи ӘБДЕШЕВКЕ депутаттық мандаттарды табыс етті.

Депутат Александр ДУМЛЕР Ө. Зинуллинді облыстық мәслихаттың хатшысы етіп сайлауға ұсыныс білдірді. Өйткені, шілдеде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ Атырау облысынан сенатор болып сайланғаннан кейін, оның лауазымына сол кездегі облыстық мәслихаттың хатшысы Сағындық ЛҰҚПАНОВ тағайындалған болатын. Ал бұл айларда хатшының міндетін Амангелді АБДОЛОВ атқарды. Зинуллиннің кандидатурасына депутаттар бірауыздан дауыс берді. Мәслихаттың жаңа хатшысының ұзақ уақыт бойына Құрманғазы ауданында санитарлық бас дәрігер болғаны, содан соң облСЭС-ке басшылық еткені, Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалғаны, кейін ол жақтан өзінің кәсіби білімі бойынша жұмысына қайта оралғандығы белгілі.

Бұдан басқа, депутаттар өздері берген өтініштің негізінде Абат ТАСИМОВТЫҢ депутаттық өкілеттігін тоқтату үшін дауыс берді. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың қыркүйегінде Тасимовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған болатын.

Депутат Баязи Әбдешев бюджет, қаржы және экономикалық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болып сайланды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

988 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қол жеткізбес депутаттар   1046 рет қаралды

Қызылқоғаның әкімі тағайындалды  950 рет қаралды

Жаңа басшылар мен жаңа аймақ  1936 рет қаралды

Атырау облыстық мәслихатының депутаты ұсталды  2001 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5