Атырау, 19 қараша 02:12
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Италия 2018 жылғы әлем чемпионатына бармайтын болды

14 қараша 10:27


Футболдан Италия ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына бармайтын болды. Қараша айының 13-і күні 2006 жылғы әлем чемпиондары Италия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында өз алаңында Швеция құрамасымен кездесіп 0:0 есебімен тең ойнаған. 

Аталмыш кездесу Италия құрамасының әлем чемпионатына баруға деген соңғы үміті болған. Себебі бұған дейін қараша айының 10-ы күні Стокгольм қаласында Швеция құрамасы Италия құрамасын 1:0 есебімен жеңген. Екі ойынның қорытынды есебі бойынша, Швеция Италиядан басым түсіп, 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алған. 

Италия құрамасы әлем чемпионатына бұған дейін соңғы рет 1958 жылы бара алмай қалған. Одан бері 60 жыл уақыт өтті.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

198 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Абзал Дүсіпов: «Әкем бұл айқасты көруді армандап еді... Сол үшін рингке шықтым»  1206 рет қаралды

2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан барлық құрама белгілі болды  224 рет қаралды

Катардан 2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатын тоқтатуды талап етті   472 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  560 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5