Атырау, 19 қараша 02:11
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 83 пайызға жеткіземіз – Дәурен Абаев

14 қараша 11:28


Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Осының нәтижесінде сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» аясында жергілікті атқарушы органдарды оқытатын кәсіби кадрлар санын арттыру да қамтылған. Цифрлық білім бүгінгі күні барлық салада сұранысқа ие екенін ескеретін болсақ, халықтың осы бағыттағы білімін ұлғайту аса маңызды екені анық. Алайда, жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, биылғы жылы компьютерлік сауаттылыққа оқыту еліміздің тек 7 аймағында жүргізілген. Жалпы, 84 мың адам оқытылған. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес тағы 12 мың азамат білім алуы тиіс», - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар адамдарды ескі бағдарлама бойынша оқытып жатыр. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдар алдында адами капиталды дамыту бағыты бойынша халықты цифрлық білімнің базалық курсынан өткізу міндеті тұр.

«Министрлік өз кезегінде осыны іске асыру үшін бірыңғай әдістеме әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұйрық келісу үшін Әділет министрлігінде қаралып жатыр», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

119 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

2018 жылдың соңына дейін Қазақстанда интернеттегі ақпаратты бақылау жүйесі әзірленбек  208 рет қаралды

Айрықша алаңдатқан ауыл  977 рет қаралды

«100 жаңа есiм» үмiткерлерi жайлы деректi фильмдер түсiрiлiп жатыр – Дәурен Абаев   228 рет қаралды

Дәурен Абаев жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа жүктелетін міндетті айтты   376 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5