Атырау, 18 ақпан 12:11
Күндіз бұлыңғыр болады-3, кешке -5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 320.42  € 400.01  P 5.66

Назарбаев Өмірзақ Шөкеевпен кездесті

14 қараша 2017 14:36

Фото: Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына: акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Кездесуде Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріліп, компанияның трансформациялану барысы туралы мәлімделді. Өмірзақ Шөкеевтің ақпаратына сәйкес, кәсіпорынның шоғырланған кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған. 

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады. Өмірзақ Шөкеевтің мәліметі бойынша, осы жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Аkorda.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

290 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесті  799 рет қаралды

"Самұрық-Қазына" мен мемлекеттік қызметте пайдасыз адам көп - Назарбаев  587 рет қаралды

Назарбаев жыл қорытындысын жасады  563 рет қаралды

Назарбаев Chevron компаниясының атқарушы директорымен кездесті  522 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5