Атырау, 21 мамыр 02:18
Таңертең ашық+31, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 328.31  € 386.62  P 5.27

АҚШ Мьянма мұсылмандарының ісіне тергеу талап етті

16 қараша 2017 14:54

Тиллерсон Мьянма басшысымен кездесті. Фото: CGTN.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бір күн бұрын Мьянмаға барды және ондағы азаматтық ұйымдар мен әскери лауазымды тұлғаларымен кездесті. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты жазды. 

Рекс Тиллерсон кездесу барысында аракандалық мұсылмандардың құқықтарының бұзылуы және онда болған оқиғаны тым аянышты жағдай деп бағалады, әрі аталған іске тергеу жүргізілуін талап етті. Мьянма басшысы Аун Сан Су Чимен бірге өткізген баспасөз мәжілісі кезінде Тиллерсон: «Аракандада болған қанды қырғын кезінде Мьянма қарулы күштері жағдайды толық меңгере алмады. Тәртіп орнатушы күштердің керісінше адам құқықтарына қайшы әрекеттері туралы дәлелдер бар. Осы жағдайға байланысты және әйелдер мен балаларды қамтыған неше он мыңдаған халықтың бас сауғалап елден кетуі Құрама Штатты алаңдатып отыр», – деген көзқарасын білдірді. 

АҚШ мемлекеттік хатшысы Мьянма мұсылмандарының қырғыншылыққа ұшырауына қатысты тергеуді талап етті, алайда осы іске байланысты Мьянмаға экономикалық қысым жасау шешімін Құрама Штаттың қолдамайтынын да айтып өтті.

Дереккөз: qazaqtimes.com


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

550 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ мұсылмандарға «геноцид жасағаны» үшін Мьянмаға санкциялар салмақ  534 рет қаралды

​Прокурорлар Астанадағы игерілмеген жерлерді қайтаруды талап етті   156 рет қаралды

Сенат Ақтау және Құрық порттары арқылы АҚШ жүк тасымалдай алатын келісімді мақұлдады  201 рет қаралды

АҚШ ресейлік азаматтар мен компанияларға санкциялар енгізді  428 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8