Атырау, 11 желтоқсан 20:24
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

16 қараша 14:59

Фото: ҚазАқпарат

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

«Жуырда телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев елордада 13 қараша күні өткен Астана клубының үшінші отырысында. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтты. «300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді, олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар -мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз технологиялар саласында да, бірлескен инвестициялар бағытында да ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

215 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Назарбаев Брюссельде Дональд Тускпен кездесті  635 рет қаралды

Назарбаев облыс әкімдерін өздерін княздей сезінбеуге шақырды  741 рет қаралды

Назарбаев британдықтарды Қазақстанға инвестиция құюға шақырды  677 рет қаралды

Назарбаев АҚШ-тың ірі компанияларын ынтымақтастыққа шақырды   663 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5