Атырау, 23 ақпан 05:35
Таңертең бұлыңғыр болады-2, күндіз +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.68  € 392.95  P 5.63

Министр: Үш тілде оқыту кестесін келесі жылы өзгертеміз

16 қараша 2017 15:24


Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда ағылшын тілді мұғалімдерді даярлау және ағылшын тілінде оқыту жүйесіне көшу кестесін келесі жылы өзгертеді деп хабарлады білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Бейсенбіде сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде сөйлеген Сағадиев республикада биыл мұғалімдерді ағылшын тілінде сабақ беруге даярлау және ағылшын тілінде оқытуға көшу тәжірибесі жүргізіле бастағанын айтты. "Келесі жылы биылғы жыл соңында осы тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша мұғалімдер даярлау мен ағылшын тілінде оқыту кестесін көпшілік талқысына салып, өзгертеміз" деді Сағадиев.

Министрдің сөзінше, 2017 жылы елде тәжірибе аясында бір жарым мың мұғалім ағылшын тілінде сабақ бере бастаған. Ол қазір аталған мұғалімдердің тәжірибесі енгізіліп жатқан тұста жаңа пәндер зерттеліп жатқанын айтты.

Ерлан Сағадиев ағылшын тілін талап етілген деңгейде меңгерген мұғалімдердің жалақысына үстеме қосылатынын, ал мұғалімдерді ағылшын тілінде сабақ беруге дайындауға бөлінетін қаржы жыл сайын ұлғайтылатынын айтты.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

503 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«Сауат ашуды» «Әліппеге» өзгертеміз, мүмкін латынмен бастаймыз – Сағадиев   354 рет қаралды

Сағадиев: Жаңа аліпби жобасы әлі талқыланады  473 рет қаралды

ҚР жаңа білім және ғылым вице-министрі тағайындалды  613 рет қаралды

Сағадиев: Мектепте ағылшын тіліндегі сабақтар ерікті түрде оқытылады  606 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5