Атырау, 11 желтоқсан 20:24
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Зимбабведе шетел елшілері Мугабемен және әскерилермен кездеспек

16 қараша 16:12


Зимбабведе 16 қараша күні кешірек шетелдік елшілер үйқамаққа алынды деген президент Роберт Мугабемен және төңкеріс жасағанын жоққа шығарған әскерилермен кездеседі деп жоспарланып отыр. Оппозиция басшысы, шетелде қатерлі ісіктен емделіп жатқан Морган Цвангираи да 15 қараша күні түнде Зимбабве астанасы Харареге оралғаны хабарланды. Оппозиция басшысы, Мугабенің басты саяси қарсыласы Цвангираидің оралуы келіссөзде Мугабе кезеңінен кейінгі саяси дағдарысты реттеу жайы талқыланады деген әңгімені қоздата түсті.

Оңтүстік Африка республикасы төрағалық жасайтын Оңтүстік Африка елдерін дамыту достастығы да 16 қараша күні кешке Ботсванада жиналып, Зимбабведегі жағдайды талқыламақ.

Зимбабведе 15 қарашада әскерилер Харареге танк пен бронды техникалар кіргізіп, мемлекеттік ZBC телеарнасын басып алған. Телеарнадан сөйлеген әскерилер өкілі президент Мгабе мен оның отбасы "қауіпсіз жерде екенін" айтып, Мугабенің айналасын "қылмыскерлерден тазартып жатқанын" мәлімдеген. Кейін Associated Press (AP) агенттігі әскерилер Роберт Мугабені қамауға алды деп хабарлаған. Бұған дейін армия қаржы министрін тұтқындаған.

Роберт Мугабе Зимбабвені ел Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері, 37 жыл бойы басқарып келеді.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

142 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні  923 рет қаралды

Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні  1125 рет қаралды

28 қараша, бұл күні...  1132 рет қаралды

Президент қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды  66 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5