Атырау, 11 желтоқсан 20:26
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан барлық құрама белгілі болды

16 қараша 17:41


2018 жылы Ресей жерінде өтетін футболдан әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсететін барлық құрама белгілі болды. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде 32 команда өнер көрсетеді. Оның ішінде турнир қожайындары да бар, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Еуропадан әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Англия, Бельгия, Германия, Дания, Исландия, Испания, Польша, Португалия, Сербия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Франция шықты. 

Оңтүстік Америка құрлығының намысын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай құрамалары қорғайды. 

Азиядан әлем біріншілігінде Австралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары өнер көрсетеді. 

Африка құрылығының намысын Мысыр, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал құрамалары қорғаса, Солтүсүтік Америкадан Мексика, Коста-Рика және Панама құрамалары қатысады. 

2018 жылғы әлем біріншілігінің финалдық кезең жеребесі 1 желтоқсан күні Мәскеуде тартылады. Командалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінеді. Ал турнирдің финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді. 

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсеткен.

Дереккөз: Vesti.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

304 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан 15 құрама белгілі болды  261 рет қаралды

Италия 2018 жылғы әлем чемпионатына бармайтын болды   272 рет қаралды

Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасын әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шықты  303 рет қаралды

​Абзал Дүсіпов: «Әкем бұл айқасты көруді армандап еді... Сол үшін рингке шықтым»  1233 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5