Атырау, 11 желтоқсан 20:25
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

ЕҚЫҰ: БАҚ-ты "шетел агенті" деп тану жөн емес

17 қараша 09:45

Арлем Дезир, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Ресейде өзге ел БАҚ-тарын "шетел агенті" деп тіркеуге жол ашатын заң жобасының қабылданғанына алаңдап отыр. ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир АҚШ пен Ресейде бірқатар ақпарат құралын "шетел агенті" деп тану жөн іс емесін мәлімдеді.

Арлем Дезир АҚШ пен Ресейді бірдей БАҚ-ты "шетел агенті" деп тіркеу талабынан бас тартуға шақырды. Ол сонымен қатар екі елден де кейбір медиа ұйымдарды "шетел агенті" ретінде тіркеуінің нақты себептерін көрсетуді сұрады. ЕҚЫҰ өкілі мұндай заңнаманың баспасөз қызметіне қалай әсер ететінін анықтау қажетін мәлімдеді.

Ресми мәлімдемеде Арлем Дезир ЕҚЫҰ-ға мүше барлық елдер 1975 жылы Хельсинки қорытынды актісіне қол қойғаны, құжат ақпараттың барлық түрінің еркін және барынша таралуын шектемеуге шақыратыны айтылады.

15 қарашада Мемлекеттік дума өзге елдердің ақпарат құралдарын шетел агенті деп тануға жол ашатын заң жобасын бірауыздан мақұлдаған. Әділет министрлігінің хатында нақты қандай шектеу жасалуы мүмкін екені айтылмаған. Заң жобасына сәйкес, хабар тарататын кез келген шетелдік құрылым "шетел агенті" деп танылуы мүмкін. Депутаттар жаңа заң Ресейдегі шетелдік БАҚ жұмысына "кедергі болмайтынын" айтады. Бұның алдында Мәскеу қаржыландыратын Russian Today телеарнасы АҚШ билігінің "шетел агенті" ретінде тіркелу талабын орындауға мәжбүр болғанын, бірақ бұл талапқа қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеген. Заң жобасы осыдан кейін даярланып, мақұлданды.

15 қарашада Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық Радиосының (АЕ/АР) Орыс редакциясы - Радио Свобода мен "Настоящее время" телеарнасына жұмыстарына шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертіп, хат жолдаған. Дәл осындай хатты АЕ/АР-ның тағы бір жобасы - Idel.Реалии сайты да алған.

Вашингтон АҚШ-тағы шетел агенті туралы заң Ресейдегі осындай заңға тіпті ұқсамайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген. "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" медиакорпорациясының президенті Томас Кенттің мәлімдеуінше, "RT телеарнасы бағдарламаларын АҚШ-та кабельді телевидение арқылы таратады, ал Азаттық радиосына Ресейде мұндай мүмкіндік берілмеген".

Медиакорпорация әлемнің түрлы елдерінде шынайы ақпарат таратуды мақсат тұтады. "Біз журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз" делінген корпорация мәлімдемесінде.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

238 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ Украинаға 500 миллион доллар қаржы бөлетін болды   310 рет қаралды

АҚШ Мексика арасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлмек   463 рет қаралды

Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ  798 рет қаралды

БАҚ: АҚШ Ресейге Сирияда жаңа ынтымақтастық жоспарын ұсынды  518 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5