Атырау, 11 желтоқсан 20:25
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Үй ауласындағы көлікжайда болған жарылыстан бір әйел көз жұмды  

30 қараша 16:23


29 қараша күні кешкі сағат 21.40-та Ардагер ықшам ауданы, №11 мекенжайында орналасқан екі қатарлы жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнында 1992 жылы туған әйел адам көз жұмды.

Өрт сөндірушілер үйдің толықтай ашық отпен жанып жатқанда жетіп, өртті 22.50-де сөндірді. Ал, үй иелерінің айтуынша, жарылыс үйдің бірінші қабатында орналасқан гараждағы автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі газ фильтрін тазалау кезінде орын алған. Салдарынан уақытша тұрғын үйдің екінші қабаты опырылып, төменгі қабатқа құлаған.


Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен бірге қайғылы жағдайдан 1990 жылғы және 1991 жылы туған ер адамдар 1-2 дәрежелі күйік алса, 1974 жылы туған әйел адам 2-3 дәрежелі, ал 1992 жылы туған ер адам 2-3 дәрежелі күйік алған. Олар қазіргі уақытта облыстық ауруханасында жатыр.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Фотоларды оқиға куәгерлері жолдады

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1954 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Астрахан-Атырау тас жолында екі әйел адам көз жұмды  2123 рет қаралды

Қуаныштың орнына қайғы құшты  2327 рет қаралды

Кабулда жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 12 адам көз жұмды   421 рет қаралды

Жоспар көп, жүзеге асса...  960 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5