Атырау, 19 ақпан 04:35
Таңертең ашық-5, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.42  € 400.04  P 5.66

Қайықтан үш қару мен қара балық табылды  

4 желтоқсан 2017 12:40


Қала шетіндегі Дамбы ауылының маңында Жайық өзенінен «казанка» қайығымен келе жатқан балық қорғау инспекторы ұсталды. Қайық ішінен үш қару және қара балық табылды. Атырау шекара жасағының қызметкерлері инспекторды 30 қарашада түнде кездестіріпті.

Ұсталушы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының жетекші маманы А.Г. болып шықты. Қайықтан 3 аңшы қаруы табылды.

Оқиғаға аумақтық инспекция жетекшісі Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВ комментарий берді:

- Қару өзінікі екен, инспектор оның бүкіл құжаттарын ұсынды.

- Оқиға орнында түсіріліп, шекаралық қызмет таратқан бейнежазбада сіздің қарамағыңыздағы қызметкердің қайығынан балық табылғаны туралы әңгіме қозғалған.

- Моторға қара балықтарға құрған ау құралы оралып қалған екен. Оны алып тастамақ болып жатқан кезде ұстаған. Шекарашылар ІІБ-не материал жолдады. Біздің мекемеде де қызметтік тергеу жұмыстары басталды.

Бұл факт ҚАЖК-не ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1213 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қысқа қайырғанда  770 рет қаралды

Бас прокуратура: Тоқмадидің үйінен қару-жарақ табылды  703 рет қаралды

Қармағыңды сайла  935 рет қаралды

Келесі «жақсы ұйымдастырушы» кім?  1397 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5