Атырау, 21 мамыр 02:08
Таңертең ашық+31, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 328.31  € 386.62  P 5.27

Даладағы қуғын

4 желтоқсан 2017 20:44

2 желтоқсанда Нұрсая ықшамауданының 32 жастағы тұрғыны полицияға №49 үйдің жанында тұрған «Лада Приора» көлігін ұрлап айдап кеткені туралы хабарлаған. Бірнеше сағаттан кейін «Бекет-79» полицей экипажы Махамбет ауданының Ақтоғай ауылынан 15 шақырым жерде ауыл арасындағы жолмен жүйткіп бара жатқан көлікті анықтайды.

Оларды ұстау үшін Индер ауданынан тағы бір полицей көлігі шығады. «Приораны» жан-жақтан қоршауға алған, бірақ жүргізуші тек полицейлердің бірі ауаға оқ атқаннан кейін ғана тоқтаған. Салон ішінде 16-17 жастағы үш жасөспірім болған: екеуі Атыраудан, біреуі – Махамбет ауданының тумасы. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1317 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Ақбөкендер бізге қоныс аударды  1363 рет қаралды

Каналдарға инвестиция тартылады  1385 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  875 рет қаралды

​Пышақтасудан кейін қашып кеткен полицей ұсталды  751 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8