Атырау, 11 желтоқсан 20:24
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Қайықтағы үшеу

4 желтоқсан 21:16

Қызметтік катермен балық толы ауды тралдау кезінде шекара жасағы қызметкерінің ұсталғандығы туралы бүгін «АЖ» редакциясына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы хабарлады.

Бұл 18 қазанда орын алған екен. Балық қорғау қызметінің ақпараты бойынша, таңғы сағат 7-лер шамасында Жайық өзенінің Сарөзек учаскесінің маңында «№621 «Жағалау күзеті» шекаралық қызметінің катері байқалған. Оның бортында 3-сыныпты старшина Д.Ш. мен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екі адам болған».

Инспекциядағылар растап отырғандай, катерде адамдар балық толған ау құралын тралдаумен (сұрыптаумен) айналысып жатқан. Балық қорғау инспекторларын көрген шекаралық қызметтің старшинасы әрі кеме командирі қозғалтқышты от алдырып, «Еуразия» шекаралық бекеті жаққа қарай жоғары жылдамдықпен кемені тоқтату туралы талапты елең қылмай, қуғыншылардан бой тасалаған.

«Шекаралық бекетке кірер кезде белгісіз екі тұлға бекет аумағына жасырынды, бұл олардың жеке бастарын анықтауға кедергі болды. Бұл ақпарат жазбаша түрде шекара қызметінің кінәлі қызметкерлеріне прокурорлық әрекет ету шараларын алу үшін әскери прокурорға жолданды. Бұл оқиға туралы ҚР ҰҚК ШҚ 2201 «Г» әскери бөлімінің командирі Р. ЕҢСЕБАЕВ пен  ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті басқармасының бастығы А. ҚАЮПОВҚА (Ақтау қ.) хабардар етілді»,- делінген ақпараттық хабарламада.

Балық қорларын қорғауға қатысты ведомостволар арасындағы бәсеке текетірес тағы да ушыққанға ұқсайды. Бүгін жұртшылыққа мәлім болғандай, балық қорғау қызметкерінің ұсталуы бір ведомоствоның екіншісіне жауабы іспеттес.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

947 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қамыс арасындағы қақтығыс (Фото, Видео)  3254 рет қаралды

Уылдырық жеу үшін кезекке тұру керек  1183 рет қаралды

Келесі «жақсы ұйымдастырушы» кім?  1257 рет қаралды

Үстеме ақысыз балық-2  1110 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5