Атырау, 11 желтоқсан 20:23
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Зират қоқыс орнына айналды  

5 желтоқсан 17:49

Бұрын Индербор кентіндегі зират елдімекеннің шетінде еді, алайда кентте үйлер көбейіп, қорым тұрғын үйлердің арасында қалды. Сорақысы сол, зират маңы қоқыс орнына айналып, арасынан адам өтетін соқпақ жол пайда болды.  

-Зиратты көшіру керек. Бұл жерге 60-жылдардан бері ешкімді жерлемейді. Адамдар қорықпай сол зираттағы мүрделердің үстінен әрлі-берлі өтеді. Ол жерде марқұмдар жатқан жоқ па?-дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Индербор кенті әкімі Рулан ТҰРАБАЕВТЫҢ айтуынша, келесі жылы зират аумағын қоршау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалады.

-  Қазір біз қоқыстардан тазартумен айналысудамыз. Зиратты көшіру үшін үлкен қаржы керек,- дейді Р. Тұрабаев. -  Сондай-ақ, марқұмдардың туыстарын анықтап, олардың рұқсатын алуымыз қажет

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

555 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген ер адам қаза тапты  201 рет қаралды

Вокзал маңындағы кафеде кісі өлімі болды   1469 рет қаралды

Қоқыс жеген сиырлар  1669 рет қаралды

Ақша уәде орындалған соң аударылады  1032 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5