Атырау, 11 желтоқсан 20:24
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Электр қалқанынан өрт шықты

5 желтоқсан 19:45


Бүгін, 5 желтоқсанда Атырау облыстық ауруханасының консультативтік-диагностикалық орталығында электр қалқаны қорабынан өрт шықты.

Сол кезде стационарда 320 пациент ем алып жатқан. Қорап тұтанған кезде ревматология, гинекология, урология, эндокринология, алғашқы хирургиялық бөлімінің пациенттері мен шаруашылық есебі бөлімінен 109 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Науқастар аурухананың басқа екі корпусына ауыстырылды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұтану себептері анықталуда. Қазір аурухана штаттық режимде жұмыс істеп, түтіндеген орынжайдың ауасы тазартылуда. Толықтай тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ. Тазалау жұмыстарынан кейін қауіпсіз жерге көшірілген пациенттерді қайтадан бұрынғы палаталарына ауыстыру жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

578 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Асыққаннан өрт шықты  596 рет қаралды

Айыппұлға келісті  716 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  642 рет қаралды

Ауылда өрт шықты  767 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5