Атырау, 21 мамыр 02:29
Таңертең ашық+31, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 328.31  € 386.62  P 5.27

VISA Түркіменстан банктеріне қызмет көрсетуді тоқтатты

6 желтоқсан 2017 12:18


Халықаралық VISA төлем жүйесі Түркіменстан банктеріне қызмет көрсетуді тоқтатты. Оған түркімен банктерінің VISA компаниясына қарызы және Түркіменстан билігінің төлем картасын қолдануға негізсіз шектеу қоюы себеп болған.

VISA төлем картасын негізінен шетелге шығатын және балалары өзге елде оқитын түркіменстандықтар қолданады.

Түркіменстанда VISA төлем картасына үнемі шектеу қойылып келеді. Өткен айдың басында ғана билік картадан күніне тек 50 доллар алуға ғана рұқсат берген.

Азаттықтың Түркімен редакциясына Түркіменстан министрлер кабинетіндегі дереккөздің айтуына қарағанда, VISA халықаралық төлем жүйесі кез келген түркімен банктеріне қызмет көрсетуден бас тартқан.

"Түркімен банктерінің қарызы ондаған миллион долларға жеткен. VISA әрине нарықты жоғалтқысы келмейді. Бірақ түркімен банктеріне қызмет көрсету өте қымбатқа түсіп отыр. Олар қазір әртүрлі халықаралық қаржы құрылымдары арқылы әрекет етуге тырысып жатыр. Бірақ түркімен билігі қиын экономикалық жағдайда шарасыз" дейді дереккөз.

VISA төлем жүйесі Түркіменстанда алғашқы операциясын 1994 жылы бастаған. Ол кезде VISA картасын шетелдіктер ғана қолдана алатын. 1998 жылдан бастап Түркіменстанның Внешэкономбанкі мұндай картаны жергілікті азаматтарға да бере бастаған.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

491 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қауіпсіздік үшін ақша төлейсіз  1339 рет қаралды

Түркіменстанда онлайн төлем жасау тоқтатылды  790 рет қаралды

Бизнес және газшілер: нәтижесіз диалог  1011 рет қаралды

​Делдалдар үшін көптеу  862 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8