Атырау, 21 мамыр 02:19
Таңертең ашық+31, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 328.31  € 386.62  P 5.27

​Қазақстан 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады - министр мәлімдемесі

7 желтоқсан 2017 15:05


Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Владимир Путин халық алдында сөз сөйлеп, ынта білдірген ресейлік спортшылардың қатысатынын мәлімдеді. Мен онымен келісемін. Ол спортшылар қай ту астында шығатыны маңызды емес, мұнда еш ереже бұзу жоқ деп анық айтты. Ол спортшыларды жақтаушы, ал мен оның пікіріне қосыламын", - дейді Мұхамедиұлы.  Министр қазақстандық спортшылардың 2018 жылғы Олимпиадада жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді түрде дайындалып жатқанын айтады.  "Біз жақында Парламентке допингке қарсы қызмет бойынша заң жобасын ұсынамыз. Допингке теріс көзқарастамыз, әрине. Осы заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда бұл мәселе болмайды деген ойдамын", - деп атап өтті ол.  Министр ресейлік депутаттың 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақыруына қатысты да өз ойын айтты.  "Бұл көзқарас. Бәрінде бар. Әрбір тұлғаның айтқанына қарай берсек, дұрыс болмайды. Мемлекет ұстанымы бар. Қазір бізде 17 жолдама бар, бұл қуантады. Біздің қазіргі мақсат көбірек жолдама алып, Олимпиадада жақсы нәтиже көрсету", - деді Мұхамедиұлы.  Еске салайық, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов БРИКС елдерінің - Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитеттеріне Ресей шеттетілген жағдайда ниеттестік ретінде 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақыған болатын.  Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығы өтеді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

442 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қара жамылуға тыйым салатын заң жобасы мәжілісте мақұлданды  139 рет қаралды

Ильин мен Чиншанло 2020 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуі мүмкін   522 рет қаралды

"Доллар өскен соң қымбаттаған көліктер өтпей, автодилерлер шығынға батып жатыр". "Елдің атын «Казакстан» деп өзгертуді ұсынды". "Зәуреш Батталова: Мерзімсіз сайлау болса...". "Елімізде медицина мамандарын даярлау сапасы сын көтермейді - Қ. Тоқаев".  2210 рет қаралды

Министр "масқаралайтын" фильмдер туралы тізімін түсіндірді  670 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8