Атырау, 21 мамыр 02:15
Таңертең ашық+31, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 328.31  € 386.62  P 5.27

​Қазақстан Иерусалим мәртебесі жайлы мәлімдеме жасады

7 желтоқсан 2017 15:37


Қазақстан Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты жағдайдың шиеленесуіне орай өз алаңдаушылығын білдіреді және барлық мүдделі тараптарды ұстамдылыққа шақырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

"Иерусалимнің қазіргі мәртебесінің сақталуын жақтай отырып, Қазақстан халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің 181 (1947), 242 (1967), 338 (1973), 2334 (2016) қарарлары, сондай-ақ 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасы негізінде палестиндік-израильдік реттеуге қолдауын растайды. Палестиндік-израильдік қақтығыстың шешімі 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекетінің құрылуын көздейтін "екі халыққа екі мемлекет" қағидасына сәйкес іске асуы тиіс", - делінген мәлімдеде.  Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатудың ажырамас шарты болып табылатын өңірдегі тұрақтылықты қалпына келтіру процесіне толық қолдауын көрсетуді жалғастыратыны айтылады. Осыған дейін, АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танығанын жария еткен. Израиль болса қаланың шығыс аудандарын, жарты ғасыр бұрын Иорданиядан тартып алынған және кейінірек аннексиялаған тарихи орталығын қоса алғанда "біртұтас әрі бөлінбейтін" астана деп жариялады. Алайда әлемдік мемлекеттер анексияны қолдамай, осы мәселенің таяу шығыстағы жанжалдың ушығуына әсер беретінін айтып, Иерусалимнің шығыс бөлігіне үміткер палестиналықтармен бейбіт келісімге келуге шақырады. Ал барлық шетелдік елшілік Тель-Авивте орналасқан.

Дереккөз. tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

410 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстан Газа секторындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды  111 рет қаралды

"Путиннің жаңа мерзімі Қазақстанға қалай әсер етеді?". "Мемлекеттік бағдарламамен неге сапасыз үйлер салынады?". "Сейітқазы Матаев: Баламды кепілдікте ұстап отыр". "Селтановтар отбасы ОҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді".  1044 рет қаралды

"Алматыда о дүниеге аттанудың құны қанша?". "Грузия президентін түсінбейтіндер көбейіп келеді". "Қудалау науқанына Журналистер одағының төрағасы да iлiктi". "Қытайды «жаулап алу» және “советтiк жиын"". "Үкімет: ішкі жалпы өнім 0,5 пайызға дейін кемиді".  1635 рет қаралды

"Доллар өскен соң қымбаттаған көліктер өтпей, автодилерлер шығынға батып жатыр". "Елдің атын «Казакстан» деп өзгертуді ұсынды". "Зәуреш Батталова: Мерзімсіз сайлау болса...". "Елімізде медицина мамандарын даярлау сапасы сын көтермейді - Қ. Тоқаев".  2210 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8