Атырау, 23 шілде 04:51
Таңертең ашық+32, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 346.68  € 404.02  P 5.47

ТКШ заңгері ұсталды

28 желтоқсан 2017 21:20

26 желтоқсанда №2 Атырау қалалық сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті тергеушісінен күдікті Қ-ға қатысты «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш түсті.

Тергеу жорамалы бойынша, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі бастығының тұрғын үй қатынастары жөніндегі орынбасары жауапты лауазымында жұмыс істеп жүрген күдікті  Қ.  едәуір мөлшерде пара алған.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот Қ-ны екі айға «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді.  

Тергеу шаралары жалғасуда.

Анықталғандай, ұсталған Қайрат Кенжалиев. Заңгер, құқық бойынша тұрғын үй мәселелеріне жеткшілік етеді. Атап айтқанда, оған қаланың ескі бөлігін күреумен айналысу тапсырылған. Сондай-ақ, ол Перетаска тұрғындарын АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағынан көшіру үшін жауапты болды.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1679 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қамауда ұстау шарасын белгіледі  1427 рет қаралды

Жедел жәрдем қызметі орталықтандырылады  1172 рет қаралды

Кепілдіктен көмек болмады  1437 рет қаралды

​Ақсақалдар бата беруден жарысты  2714 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6