Атырау, 20 шілде 21:17
Түнде ашық+29, таңертең +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Бас салық қызметкері тағайындалды

5 қаңтар 15:36


Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып 42 жастағы Ерлан ЖАНБАЕВ тағайындалды.

Ол Торғай облысының тумасы (1997 жылы Қостанай және Ақмола облыстарына бөлінді). Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Торғай және Қостанай облыстарында салық иснпекторы болып бастаған. Содан кейін Қаржы министрлігінде жетекші маман, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің экономикалық бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың сәуірінде Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, бір жарым жылдан кейін Павлодар облысы салық департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылдан бастап қазіргі лауазымына дейін ҚР қаржы министрінің кеңесшісі болды.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кадрлар бөліміндегілер хабарлағандай, бұрынғы басшысы Мәди ТАКИЕВ Астанадағы мемлекеттік кірістер комитетіне ауысып кеткен. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2328 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Мәди Тәкиев – мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы  2362 рет қаралды

Салық инспекторымын деп ...  2716 рет қаралды

Пара берсең, пәлеге қалдың  1138 рет қаралды

​Атырау облыстық еңбек инспекциясының басшысы тағайындалды  3099 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6