Атырау, 27 сәуір 09:54
Күндіз ашық+22, кешке +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.92  € 399.31  P 5.23

Түнде жортқан түз тағысы

8 қаңтар 09:53


Өткен жылдың аяғында Индер ауданы, Есбол ауылдық округіне қарасты Өмірәлі қыстағында отырған Талғат МОЛДАШЕВТЫҢ қорасына қасқыр шауып, 20 шақты қойын бауыздап кеткен.

Малшының айтуынша, қараша айының аяғында қойлары қамалған ашық шарбаққа түнде бір топ қасқыр кіріп, ойран салған.

- 140 бас қойым болатын. Қыс түскенше биттеп кетпесін деп, далада ашық торға қалдырып жүрдім. Сол күні таңертең тұрғанымда қойларымның 20-сының әр жерде жайрап жатқанын көрдім. 70 шақты қойды кешке дейін іздеп жүріп, ауылдың тұсындағы жыңғылдың арасынан таптым. Он бес шақтысын ертесі күні жігіттер Жайықтың арғы бетінен тауып, өткізді,- дейді Талғат Молдашев. Ол үлкен шығынға ұшыраса да, табиғат құбылысы ғой деп ешкімге шағымданбапты.

Есбол селолық округінің әкімі Ерболат САБИРОВ бұған дейін тұрғындардан түз тағысынан мал шығын болған деген шағым түспегенін айтады:

- Қасқыр мәселесін біз үнемі бақылауға алып отырамыз, түз тағыларын ату ұйымдастырамыз. Биыл шыға қойған жоқпыз. Шопандардан «қасқыр көбейіп кетті» деген хабар түскен жағдайда, ауылдың аңшы жігіттері жиналып, аулауға шығады

Облыстық аңшылар қоғамының төрағасы Асылтек ИСПУСИНОВ болса, түз тағыларын жою үшін үкімет мемлекеттік сатып алуды жылда қаңтар-ақпан айларында өткізетінін айтады. Былтыр аталған мекеме облыс бойынша 187 бас қасқырды жою туралы мемлекеттік сатып алу тендерін ұтып, қазан айында жоспарды толық орындаған.

- Әзір облыста қасқыр көп емес. Жуырда ғана Құрманғазы ауданынан малшылар ит-құстың көбейгендігі жөнінде орынсыз шу шығарып, хабарласты. Аңшыларымыз барып, бір қасқыр түгілі, ізін де таба алмай кетті. Негізі қыста қасқырды ұстау қиын. Өйткені олар бір түнде 50-70 шақырым жүріп отырады, яғни көшіп жүреді,- дейді облыстың бас аңшысы. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1455 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Түрмеде Ермегияевтің арнайы кабинеті болған - Бас прокуратура   249 рет қаралды

Талғат босатылады, Макс алыста  1428 рет қаралды

«Жер митингілері» туралы іс бойынша сауалнамалар нені көрсетті?  1373 рет қаралды

15 тәулік тек басы ғана  1011 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4