Атырау, 27 сәуір 09:55
Күндіз ашық+22, кешке +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.92  € 399.31  P 5.23

Күмісбектегі қытай ізі - 2

8 қаңтар 10:17


Қытайлық үлесі бар «Көлжан-Ойл» ЖШС-тің «Күмісбек» кен орнында (Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылынан 100 км қашықта) бітелмеген 6 ұңғыманы қалдырып, жоқ болып кеткеніне төрт жылдай болды. 2016 жылы екі ұңғымадан мұнай төгіліп, 30 гектардай жерді бүлдірген.

Қоршаған ортаға келтірілген шығын 800 млн теңгеге бағаланды. Алайда оны кімнен өндіреді? АІІБ ҚР Қылмыстық кодекстің 332-бабы («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғады, бірақ ЖШС басшыларын Алматыдағы заңды мекнжайынан әлі таба алмай отыр. Мұнай төгіндісін ауыздықтау үшін жергілікті билік «Ақ берен» ЖШС-ін жалдады, олар бұл жұмысқа 61 млн теңгедей қаржы жойды. 

- ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес, иесіз жылжымайтын мүлік жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша есепке алынады,- дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВ. – Біз осындай арызды ресімдедік, енді бір жыл өткеннен кейін бұл шаруашылық ауданның иелігіне өтеді. Ал «Колжан-Ойл» ЖШС басшыларын іздеу құқық қорғау органдарының міндеті болып қалады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1760 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Күмісбектегі қытай ізі  1517 рет қаралды

Павлодар мұнай зауытына жаңа басшы келді   574 рет қаралды

Үшті-күйлі жоғалған ЖШС  1164 рет қаралды

Экологтар мен полиция іздестіруде  1152 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4