Атырау, 25 сәуір 19:24
Түнде бұлыңғыр болады+11, таңертең +15
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.80  € 397.83  P 5.29

Малдың қырылу себебі анықталмады

8 қаңтар 10:34

Көрнекі сурет

Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы Айбас, Мыңтөбе, Үштаған қырларында өткен жылдың көктем, жаз айларында 262 жылқы мен 224 ірі қара өлді.  

Осыған байланысты Тұщықұдық округі әкімшілігі малды сатпау, сыртқа шығармау жөнінде шектеу жариялады. Малшылар жылқылардың лабороториялық зерттеу қорытындысы көрсеткен сақау  ауруынан өлгеніне күдік келтіріп, шөп, судан улануы мүмкін деген болжамынан танбаған еді.

- Осыған орай ұлттық референттік ветеринариялық орталықтың мамандары құдық суы мен жайылым шөптерінен және өлген малдардың ішкі құрылыстарын зерттеді. Нәтиже бойынша жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ. Радиологиялық зерттеудің қорытындысы цезий, кадмий, ртуть, свинец, стронций, мышьяк металдарының қоспалары қалыпты екенін анықтап берді,-дейді облыстық ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мақсот МҰҚАНОВ. 

Тұщықұдық округінің әкімі Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ жуырда шектеудің алынғанын хабарлады. Жылқылар сақау ауруынан опат болды дегенге келіссе де, мал иелері 224 ірі қараның неден өлгенін әлі күнге біле алмай отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1241 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

2641 мүйізді ірі қара сырқатқа шалдығып, 130-і өлді  1105 рет қаралды

​Індет тоқтады, енді өтемақы төлеу қалды  923 рет қаралды

Дерматит қатаң бақылауда  1404 рет қаралды

​Бруцеллез Индерден де шықты  1082 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4