Атырау, 22 қаңтар 05:13
Таңертең бұлыңғыр болады-5, күндіз -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.27  € 398.27  P 5.73

Жанбайдағы шу мотоцикл үшін болған  

8 қаңтар 13:30


Атырау облысындағы Жанбай ауылына коменданттық сағат енгізілгені туралы ақпарат расталмады.

Мессенджерлерде полиция қызметкерлерінің қатысуымен орын алған инцидентке комментарий берген белгісіз автор ауылда сағат 18.00-ден кейін коменданттық сағат күшіне енгенін растаған ролик тарап кетті. 

- Исатай ауылдық округінде және Жанбай мен Зинеден ауылдарында 5-6 қаңтарда облыстық ішкі істер департаментінің барлық қызметінің бірлекен күшімен  жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілді. Коменданттық сағат жоқ, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі біздің сауалымызға. – Нақты бұл бейнежазба тіркелмеген мотоциклді алу фактісімен байланысты. Бұл жұмыс өткен жылдан бері, балық аулау маусымы басталғалы күшейтілді. Сенбіде, 6 қаңтарда, мәселен, ауылдан мемлекеттік нөмірі жоқ, тіркелмеген 3 мотоцикл алынды. Өкен жылдың күзінен бері Жанбайда 19 бірлік мотокөлік тәркіленді.

Полицейлер «иесіз» көліктерді көптеп анықтауда. Жанбайлықтар  90 мың теңгеге дейін жететін айыппұл төлегеннен гөрі, тіркелмеген мотоциклден бас тартқанды жөн көреді. Тіркеуге де асықпайды. Шамасы, қолдан сатып алған оларға арзанырақ түсетінге ұқсайды. 


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

2474 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жихадқа шақырған қазақстандықтар шенеуніктерге шабуыл жасамақ болған  594 рет қаралды

Бәрінен де сен сұлу...  875 рет қаралды

Ресейде болған апатты WhatsApp-та "Семейдегі жағдай" деп таратқаны үшін сотталды   323 рет қаралды

Су астында қалған Хьюстонда коменданттық сағат жарияланды   393 рет қаралды

Басты бет