Атырау, 20 шілде 21:23
Түнде ашық+29, таңертең +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Ұрлық түбі - қорлық

9 қаңтар 16:49


Қаламыздағы аялдамалар мен қоғамдық көліктердің ішінде «Абайла, ұры» деген жазуды көресіз. Алайда бұдан ұрлық азайған емес. «АЖ» тілшісі ұрлық жасап тұтылған бұрынғы «қалтақағарлардың» бірімен кездесіп, әңгімелесті.

Ол былай дейді:

- Көбінесе автобустар жолаушыларға лық толы болатын «қауырт» кезде «жұмысқа» шығамыз. Қаламызда қоғамдық көлік қызметі нашар жұмыс жасайды, бұл біз үшін жақсы, көлікте кісі көп болады. Кейде адамның көптігінен жолаушылар бастарын бұруға да шамалары жетпей жатады. Оң қолда кішкентай өткір пышақ немесе ағаш сапқа оралған ұстара болады. Бір қолмен сөмкені тартып тұрып, байқатпай астын астын кесеміз. Кесілген жерге саусағымызды тығып, іленген нәрсені жәймен суырып аламыз. Келесі аялдаман түсіп кетеміз. Қолға көбіне телефон ілінеді.  Бірақ қазір камералар бар, ұялы телефонның IMEI коды бар, тауып алады. Дегенмен, зардап шегуші қомақты қаржы болмаса, полицияға хабарлауға асықпайды. Біз «олжамызды» тез сатуға тырысамыз.

Ұрлық істеуді дін де айыптайды. Мәселен, fatua.kz  сайтында «Шариғат заңы бойынша ұрлық – ауыр қылмыс. Бұл күнәны істегендерге дүниеде де, ақыретте де ауыр азап бар. Біреудің мал-мүлкін рұқсатсыз, заңсыз түрде алудың барлық түрі ұрлыққа жатады. Ұрлық істеген адам иманынан айрылады. Ұрының шариғаттағы жазасы қолын кесу» деп жазылған.

Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңында жылқы  немесе құнды мүлік ұрлаған адам 27 есе айып төлеген. Қазіргі заманда да шариғат заңын қолданатын Марокко және Сауд Арабиясы, Оман, Йемен және өзге де елдерде ұрлық жасаған адамдардың қолын кеседі. Ал қазақстандық баукеспелер келтірілген шығынға байланысты айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан айырылады. 

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1895 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырау суретшілері: Нұрсұлтан Қалиев   2032 рет қаралды

Аялдама бар, автобус жоқ  1079 рет қаралды

Ұрлық түбі - қорлық  2010 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6