Атырау, 20 шілде 21:20
Түнде ашық+29, таңертең +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

«Бұғатталған 22 млрд долларға қатысты шындықтың беті ашылды», «Мәскеуде қалған Хадиджа», «Мәжіліс депутаты Ақтөбеде орамал дауына қатысты жиын өткізді», «”Қозы көрпеш – Баян сұлу”. Отандық сериал ойдан шықты ма?».

10 қаңтар 10:15

AZATTYQ.ORG. «Путиннен артық ешкім жоқ» - Ресей президенті Владимир Путин биылғы Рождество мейрамын Хакасияда өткізді. БАҚ таратқан хабарларға қарағанда, оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу серік болған. 

«"Оккульттік ұйым" туралы істе полицей куәлік етті» - Қарағандыда "СССР оккульттік ұйымының" ықтимал екі мүшесінің ісін қарап жатқан процесте сотталушыларға айып ретінде тағылған кітаптарға ресми түрде тыйым салынбағаны жария болды. Бұған қоса, іске қатысты куәгер полиция өкілін тыңдады.

«Мәжіліс депутаты Ақтөбеде орамал дауына қатысты жиын өткізді» - Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл 9 қаңтар күні Ақтөбедегі №56 мектепте балалары сабаққа орамалмен келіп жүрген ата-аналармен кездесті. Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырған бұл кездесуге мұғалімдер мен ата-аналар, барлығы 200-ден астам адам келген.

«Мәскеуде қалған Хадиджа» - «Президенттің отставкаға кетуін талап еткен соң қысымға ұшырап, Қазақстаннан кеттім» деген Қызылорда тұрғыны Мәскеуде панасыз күйде қалған.

365INFO.KZ. «Бұғатталған 22 млрд долларға қатысты шындықтың беті ашылды» - Ұлттық қордағы қазына бір мемлекеттің, бүтін халықтың ақшасы. Артында көп тұрған қаражатты не үшін бұғаттайды?

AIKYN.KZ. «”Қозы көрпеш – Баян сұлу”. Отандық сериал ойдан шықты ма?»  -  «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» сериалы Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көрсетілгеніне де көп болған жоқ. Тарихи драманы түсіру – кез келгенге де оңай соқпасы анық. Ұлттық арнаның лиро-эпостық жырды сериалға айналдыру туралы идеясы – сәтті жасалған қадамдардың бірі. Алайда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалы жарық көрісімен, мұншама дау-дамайға айналуының сыры неде?

EGEMEN.KZ. «Ойласу: Шет тілін қай сыныптан бастап оқытқан дұрыс?» -  «Қазақ жаманы орыс болмас» деуші еді әжем бала кезімде. Сонда балалықпен осы сөздің мағынасына мән бермеуші едім. Жай, әншейін айта салған сөз шығар деп ойлайтынмын.

SN.KZ. «Төбемізден үнемі бомба тастап жатты: Сириядан оралған қыз сондағы өмірі жайлы айтып берді» - Батыс Қазақстан облысында тұратын белгілі ақын Ұлдай Сариева өзінің жерлесі, Сирияға барып, ондағы қулық-сұмдықтардың куәсі болған әйелмен сұхбаттас болыпты. 


 




 



Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1025 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6