Атырау, 20 маусым 03:25
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 339.95  € 392.64  P 5.30

​Жер төлемақысы​

11 қаңтар 00:00

– Жақында салық қызметінен 11 884 теңге төлеуге тиіс екендігім туралы хабарлама алдым. Жаңа заң бойынша мүлік салығын келесі жылы төлеуге болатынын білетіндіктен, не үшін мұндай сома төлейтінімді анықтау үшін барған едім. Салық қызметіндегілер мұның 2015 жылы алған жер телімімді уақытша пайдалану төлемақысы екенін түсіндірді. Алайда, уақытша пайдалану туралы келісімшартта 200 теңгедегі сома белгіленген. «Неліктен мұндай сома айырмашылығы шығып тұр?» деген сұрағыма: «жер комитеті есептегенде қателескен» деп түсіндірді. Нәтижесінде 2100 теңге мөлшерінде өсім есептеп берді. Жер телімін пайдаланғаны үшін төленетін салықтың нақты мөлшерлемесі қандай?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Жәнібек НҰРЖАНОВ жауап берді:


– Салық кодексінің 481-бабының 6-тармағына сәйкес, дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.

Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі осы жылдың мамырында Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына 2016 жылғы І-IV тоқсан үшін қайта жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттары туралы қосымша деректер ұсынды. Онда жер телімдерін пайдалану төлемдерінің сомасы бойынша мәліметтер өзгертілген. Осы мәліметтердің негізінде қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы төлем сомасын есептеп, салық төлеушілерге хабарландырулар жолданды. Жаңылыс деректер беру фактісі бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік шаралар алды.

Шарттардың өзгеруі туралы туындаған сұрақтар бойынша - Атырау қалалық жер қатынастары бөліміне, ал жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеу мәселелері бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына (2-қабат, 20-кабинет) жүгіну қажет.


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1918 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Елбасы Жер қойнауы және пайдалану кодексіне қол қойды  730 рет қаралды

Жер: сату үшін алып қалған ба?  1813 рет қаралды

Құлыбаев, әкім және бизнесмендер: әркімнің өз "қайғысы" бар  1970 рет қаралды

Қазақстанның шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына жер беруге тыйым салынады   1057 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6