Атырау, 22 қаңтар 05:06
Таңертең бұлыңғыр болады-5, күндіз -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.27  € 398.27  P 5.73

Үшінші «іссапар» - 2 жыл

11 қаңтар 20:28

Атырау қалалық №2 сотында «Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары А.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы («Ірі мөлшерде бөгденің мүлкін иемдену») бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта оның 2017 жылы қазан айында қызметке қажет деген сылтаумен филиал директорынан Каспий теңізі акваториясына экологиялық мониторинг жүргізу үшін іссапарға шығуға рұқсат алғандығы белгілі болды. Онымен бірге тағы 10 қызметкер баруға тиіс болады. Оның орнына А. А. 2 млн теңгеге теңіз кемесіне арналған 16 мың литр дизель отынын басқаларға сатып жібереді. Ал әріптестеріне іссапардың болмайтынын хабарлап, барлық іссапар ақшасын өзі иемденеді.

Біраз уақыттан кейін ол сол әрекетті қайталап, жалпы залал 4,5 млн теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында А.А. зиянды толығымен өтеп, прокурормен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады. Нәтижесінде шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

676 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жемқор полицейлер жазаларын алуда  1854 рет қаралды

Кішкентай Расулдың ажалына кінәлі табылмады  775 рет қаралды

БҚО-да пациенттің өлімі салдарынан дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды  877 рет қаралды

Қаржы полицейіне пара бермек болған лауазымды тұлға қамауға алынды  1265 рет қаралды

Басты бет