Атырау, 22 қаңтар 05:04
Таңертең бұлыңғыр болады-5, күндіз -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 324.27  € 398.27  P 5.73

Астанаға пойызбен тегін жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды

12 қаңтар 09:39


Көкшетаудың теміржол вокзалында оқыс оқиға орын алды. Қалтасында көк тиыны жоқ 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып кетіп, токқа түсті.

Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеді ме, әйтеуір ол  Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған. Сол сәтте  29 мың вольт тоқ соғыпты. Екі аяғы жанып, поезд үстінде шырқырап жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан.  Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алған теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

Елдос Қайыржанов, травматолог-дәрігері:

- Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған,күйіктері көп.3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жеңілденді. Бірақ өте ауыр науқас болып саналады.    

Дереккөз: ktk.kz



Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

271 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ертіс" Еуропа лигасынан шығып қалды   481 рет қаралды

Павлодарда жас жігіт полиция көлігінің үстінен селфи жасаймын деп сотталып кетті   743 рет қаралды

Исекешев Астана теміржол вокзалының маңындағы заңсыз такси жүргізушілермен күресті бастады   753 рет қаралды

Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауынан шығып қалды   701 рет қаралды

Басты бет