Атырау, 25 сәуір 19:21
Түнде бұлыңғыр болады+11, таңертең +15
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.80  € 397.83  P 5.29

​Трамп опиоидті контрабандалық жолмен әкелуге қарсы заңға қол қойды

12 қаңтар 10:52


АҚШ Дональд Трамп опиоид есірткі АҚШ президенті Дональд Трамп опиоид деп аталатын есірткіні контрабандалық жолмен әкелуге қарсы заңға қол қойды. Бұл туралы ол Ақ үйде ел вице-президенті Майкл Пейн мен конгрестің 17 мүшесімен өткен жиында мәлім етті.

Сондай-ақ АҚШ президенті ішкі қауіпсіздік министрлігіне фентанил деп аталатын опиоид түрімен күреске қаражат бөлуді тапсырды. 

Ресми дерек бойынша, 2016 жылы осы есірткіге тәуелді 20 мың американдық қайтыс болды. Қазір опиоид дағдарысы – АҚШ денсаулық сақтау саласындағы негізгі түйткілдердің бірі.

2015 жылы опиоидке құмар адамның саны 2 миллионға жеткен. Опиоидтің құрамы морфинге ұқсас, бірақ анальгетикалық және седативті әсері әлдеқайда жоғары. 

Ол медицинада ауырсынуды басатын дәрі ретінде қолданылады. Бірақ оны көп қолданған адам препаратқа тәуелді болып қалады. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті: 

- Бұл есірткі түрі АҚШ-қа контрабандалық жолмен Мексика, Қытай және басқа да елдерден әкелінеді. Есірткімен айналысатындар тіпті біздің пошта қызметін пайдаланып келеді. Президент әкімшілігі опиоидке қарсы күрес жолында қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

348 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Трамп Ақ үйде Макронды қабылдады  124 рет қаралды

Вашингтон Ресейге жаңа санкция салуды кейінге қалдырды  182 рет қаралды

Трамп Сирияға бола Латын Америкасы сапарынан бас тартты  158 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4