Атырау, 20 ақпан 12:33
Күндіз ашық+2, кешке -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.32  € 396.28  P 5.66

Аудандық әкімдікте не болды?

6 ақпан 17:28


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті бұрын «АЖ»-да жарияланған 19 қаңтарда Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВ пен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Құралбек АДАМБАЕВТЫҢ ұсталғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады.

Ұлттық бюро мәліметінше, аудандық әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлігі 2 тармағы (Адамдар тобының алдын- ала сөз байласуы арқылы пара алу)бойынша қылмыстық іс қозғалған. Адамбаев пен Мүсепов құрылыс обьектілерін еш кедергісіз қабылдап аламыз және орындалған жұмыстардың актісіне қол қойып, алдағы уақытта осы мердігер компанияға қамқорлық көрсетеміз деп уәде берген.

30 қаңтарда Мақат аудандық соты Мүсеповке қатысты екі айға қамаққа алу бұлтартпас шарасын қабылдаса, Адамбаевқа тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу туралы қолхат беру шарасы қолданылды.

«АЖ»-дың бейресми дереккөзінің мәліметінше, пара көлемі 500  мың теңгені құрайды. Құрылыс бөлімі бастығы өз кабинетінде параның бір бөлігін алу кезінде қолға түскен. Параны алуы тиіс делінген аудан әкімінің орынбасары да сол күні ұсталған.   

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1777 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Әкім орынбасары мен құрылыс бөлімінің бастығы ұсталды  4902 рет қаралды

​«Жер митингілері» туралы іс: Апелляция шешімін сағат 18-де жариялайды  1689 рет қаралды

​​«Жер митингілері» туралы іс: «Сыра королін» Атырауға әкеледі. Бас тартуға болатын ұсыныс  1354 рет қаралды

Сот залынан  1 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5