Атырау, 20 ақпан 12:48
Кешке бұлыңғыр болады-2, түнде -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.32  € 396.28  P 5.66

Ресейдегі ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына төрт млн рубльден беріледі

12 ақпан 14:34


Ресейде апатқа ұшыраған «Саратов әуежелілері» компаниясына қарасты Ан-148 ұшағындағы жолаушылардың барлығы 2 миллион рубльге сақтандырылған. Бұл туралы Ресейдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Әдеттегідей сақтандыру 2 миллион рубль және жерлеуге 25 мың қосылады», – деп түсіндірді ол.

Бұған қоса Орынбор облысы бюджетінен қаза болғандардың туыстарына қосымша 1 млн рубльден бөлінеді. Мәскеу облысы губернаторы Андрей Воробьев аймақ бюджетінен 1 миллионнан бөлуге уәде берді.

Еске сала кетсек, 11 ақпан күні Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан Орск қаласына бағыт алған Ан-148 жолаушылар ұшағы 10 минутқа жетпей, радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақтың Мәскеу облысының Раменс ауданында құлағаны белгілі болды.

Ұшақ бортындағы 71 адамның барлығы қайтыс болды. Олардың арасында 3 бала бар.

Дүйсенбі күні Орынбор облысында қаралы күн жарияланды. Шұғыл топ борттың «қара жәшігін» тапқан, екіншісі іздестіріліп жатыр.

Сонымен қатар, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Алайда соңғы ақпаратқа сәйкес, Орск қаласында тұратын Темірлан Ақназаров есімді қазақ жігіті Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған лайнердің бортында болғаны белгілі болды.

«Саратов әуежелілері» компаниясына тиесілі Ан-148 ұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

203 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Ұшақ апаты құрбандарының аты-жөні жарияланды  352 рет қаралды

АН-72 ұшағының апаты борттағы ақаулар мен экипаждың қателігінен орын алған - Бас прокуратура  956 рет қаралды

Бөгеттерге бюджеттен қаржы бөлінді  583 рет қаралды

​Назарбаев Ресейде болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты   93 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5