Атырау, 21 мамыр 02:36
Таңертең ашық+31, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 328.31  € 386.62  P 5.27

Бұрынғы мәдениет министрі мәжіліс депутаты болды

13 ақпан 15:24


Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Дархан Мыңбайды парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді. 

Дархан Мыңбайға ҚР Парламенті мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі" туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Дархан Мыңбай Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары ОҚО әкімінің орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР мәдениет және ақпарат министрі болды. 
2013-2017 жылдары ҚР Ұлттық мұражайының директоры қызметін атқарды.

2017 дың наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды.

"Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Парламентіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

450 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды  246 рет қаралды

Мәжіліс депутаты Тінікеев депутаттарды қалай жасайды?  1343 рет қаралды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы   1720 рет қаралды

2013 жылы отандық фильмдер 30 наградаға ие болды  761 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8