Атырау, 20 ақпан 12:47
Кешке бұлыңғыр болады-2, түнде -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.32  € 396.28  P 5.66

ОАР президенті қызметінен босатылды

13 ақпан 15:25


Африкалық ұлттық конгресс партиясының атқарушы комитеті Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зуманы қызметінен босатты.

Олар шешімді 13 сағаттық отырыстан кейін қабылдап отыр. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, партияның атқарушы комитеті мемлекет басшысын отставкаға жіберуге қауқарлы. Дегенмен, Джейкоб Зуманың бұл кесіммен келіскен-келіспегендігі белгісіз. Бұған дейін президентке шешім қабылдауға 48 сағат берілген еді. Бірақ әзірге ол осы жайтқа қатысты тіс жармай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі саяси шиеленіс өткен жылдың желтоқсан айында өршіп кетті. Ол кезде Зуманың қарсыласы, вице-президент Сирила Рамафоса басқарушы партияның басшысы болып тағайындалған еді. Мемлекет басшысына «жемқорлықпен айналысты» деген айып тағылды. Ал оппозиция болса, парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр.

Джулиус Малема, оппозиция өкілі:

- Сайлаудың демократия талаптарына сай өткізілгенін қалаймыз. Зума қызметінен кеткен соң елдегі жағдай жақсарады деу қателік. Барлық түйткілдерді түбірімен жою үшін, өзгерісті  алдымен партиядан бастау керек.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

215 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Сирил Рамафоса ОАР президенті болды  191 рет қаралды

Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Президенті кеңесшісі қызметінен босатылды  831 рет қаралды

ОАР президенті өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді  149 рет қаралды

​Италия Африкадағы бірқатар елге әскерін кіргізбек   366 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5