Атырау, 22 маусым 06:54
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Өртте қаза тапқандар туған ауылдарына жерленді

6 наурыз 15:39

Фото: Атырау облыстық ТЖД


Қарабатан жатақханасындағы өрт кезінде 7 адамның қаза болу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше, 5 наурызда қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары туған ауылдарында жер қойнына тапсырылды.

Бұдан бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан ӘЛТАЕВ Атырауға келіп, ауруханадағы зардап шегушілердің хал-жағдайын сұрап, қаза болған марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Ол Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Атырау облысы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ жұмыс беруші мен кәсіподақ мүшелерінен құралған үкіметтік комиссияны басқарады. Бұл комиссия өрт шығу себептерін тергеумен айналысады.

Қазір қайғылы оқиға орын алған қалашықтағы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлері  тергеу аяқталғанға дейін үйлеріне жіберілген.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1445 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«Алматы Тауэрстағы» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды  959 рет қаралды

Ресей: Газ жарылысы құрбаны саны 7 адамға жетті  904 рет қаралды

Анкарадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 128-ге жетті  868 рет қаралды

Өртте екі әйел қаза болды  1499 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6