Атырау, 21 маусым 07:10
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.08  € 394.46  P 5.37

"Ресей тергеушілері: Ресей Сирияда әскери қылмыс жасады". "Мәдина Әбілқасымова Елбасының бастамасына қарсы ма?". "Әйел басшылар үшін төрт мансаптық стратегия". "ДСҰ-дан Қазақстан не ұтты?". "Путин жылаған күн. Собчактың өлімі туралы сыр-құпия...".

7 наурыз 10:29

QAZAQTIMES.COM. "Путин жылаған күн. Собчактың өлімі туралы сыр-құпия неге ашылмайды?"  - Мәскеу билігі 18 наурызда өтетін президенттік сайлауға дайындалуда. Бұл сайлауда да Ресей Федерациясын 18 жыл билеген Владимир Путин жеңіске жететінін  былайғы жұрт біліп отыр. Осы тұста Путиннің көзіне жас алғаны тым сирек болғанын сөз етуде. Ол 2000 жылы 24 ақпанда Анатолий Собчактың жерлеу рәсімінде жылаған екен. 

"Екі Корея қатынасының дамуы АҚШ пен Оңтүстік Корея арасына жік сала ма?" - Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралдары елдің ең жоғары басшысы Ким Жоң Унның (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) Оңтүстік Кореямен мәмілені жақсартуға ниет қылып отырғанын мәлімдеді.

AIKYN.KZ. "ДСҰ-дан Қазақстан не ұтты?" - Еліміз бен халық­аралық ұйым арасында келіссөздер жүргізіліп жатқан тұста, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ДСҰ-ның Қазақстанға беретін мүмкін­діктері туралы «Кәсіпорындары­мыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол аша­ды... 

"Қытай әскерін күшейтуге кірісті" - Әлемдегі қақтығыстар мен татулық, қаруландыру һәм қарусыздандыру мәселелерін зерттейтін халықаралық Стокгольм институтының (SIPRI) мәліметінше, Қытай әскери бюджетін төмендетіп көрсетеді. Ал оның қорғаныс саласындағы шығынының шынайы көрсеткіші 25-50 пайыздан жоғары болуы мүмкін. Сол себепті, көптеген әскери сарапшылар ҚХР ұсынып отырған қазіргі шығыны да бірқатар қаржыландыру нысандарын айналып өтіп отыр деп есептейді.

QAMSHY.KZ. "Мәдина Әбілқасымова Елбасының бастамасына қарсы ма?" - Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев: «2019 жылдан бастап жалақысы 25 АЕК-тен төмен жұмысшыларға салықты он есе аз төлетуді ұсынамын», – деді. Ал еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова: «Жұмыссыз азаматтардан салық жинаймыз», – деп жақында ғана айды аспанға шығарған еді. Сонда бұл қалай болғаны?

FORBES.KZ. "Теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан халықаралық тасымалды қалай тоғыстырды" - Тоғыз жолдың торабындағы темір жол, халықаралық көлік дәлізі, әлемнің кез келген нүктесіне жектізетін әуе жолы. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жүк айналымы қалай артты, алып жоба инвесторлар мен тасымалдаушылар үшін несімен тиімді, отандық логистика теңіз тасымалымен қалай бәсекеге түседі.

365INFO.KZ. "Інің емеспін». Атышулы Атамбаев тағы не бүлдірмек?"- Лауазымынан кетерде екі елді шулатқан Атамбаев үлкен саясатқа қайта оралмақ. Қазақстан бұған түк істей алмайды. Іштен тынады.

"Кәрімовтың мусорысыңдар…" - Шавкат-ака іске шындап кіріскен сыңайлы – кейбір деректер бойынша, көршілес Өзбекстанда күштік құрылымдардың ондаған өкілі тұтқындалған көрінеді.

AZATTYQ.ORG. "Ресей тергеушілері: Ресей Сирияда әскери қылмыс жасады" - БҰҰ тергеушілері Ресейдің былтыр қарашада Сирияда базар аумағына әуеден соққы жасалуына қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол шабуылдан 84 адам қаза тапқан еді. БҰҰ қасақана әуе шабуылынан осыншалықты бейбіт тұрғынның қаза табуын "әскери қылмыс" деп атауға болатынын айтады.

7KUN.KZ. "Әйел басшылар үшін төрт мансаптық стратегия" - Нәзік жандарға кеңсе саясатында ақылға қонымды тәсілдерді меңгеруге көмектесетін төрт ең тиімді стратегияны іздеу мониторинг жасалды.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1321 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6