Атырау, 22 маусым 06:46
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

"Бас жоспар қолмен сыза салатын қағаз емес"    

12 наурыз 10:38


Өткен жылы Атырау облысындағы 6 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеуге облыс бюджетінен 88 млн теңге бөлініп, оның 10 млн теңгесіне Индер ауданындағы Аққала ауылының, Махамбет ауданы Аққайың, Сарайшық ауылдарының, Жылыойдағы Қарағай ауылының, 78 млн теңгеге Мақат ауданының Мақат жән Доссор поселкесінің  бас жоспарлары жасақталған. Бұл жөнінде өткен брифингте Атырау облысы Сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА мәлімдеді.

Баяндамада Исатай ауданы Зинеден ауылында Каспий теңізінің солтүстік жағалауында демалыс аймағының бас жоспары мен бірнеше ауылдардың жобалары басталғандығы туралы айтылды. Сонымен қатар Мақат ауданындағы Ескене станциясына «ауыл» статусы беріліп, қала аумағындағы Талғайраң ауылында (Атырау-Индер трассасы бойында) салынатын 186 пәтерлі үйдің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу әлі жүріп жатырғаны хабарланды.

«АЖ» сұрақтары:

- Мамандар Талғайраң жері көп қабатты үйлер салуға қолайсыз деген пікір айтады.

- Сіздің «Атыраугидрогеология» ЖШС-нің гидрогеологы Нұргүл Сабурованың пікірін айтып тұрсыз ғой. Бұл қате пікір. Бас жоспар қолмен сыза салатын қағаз емес, жасаған кезде біз тек қана геодезиялық зерттеу емес, бірнеше зерттеулер жасадық. Біз қаланың жан жағын қарадық. Қарапайым көзге қала бос жатқан сияқты, бірақ әр бағытқа өсуге мүмкіндік жоқ, шектеулер көп.  Барлығын қарай келе Талғайраң жері таңдап алынды.

- Бұл жерде қандай нысандар бой көтереді?

-9 және 5 қабатты үйлерден бөлек, коммерциялық нысандар, дене шынықтыру орындары салынады деп жоспарлап отырмыз.

- Ал Ақжарда бой көтеріп жатқан 80 пәтерлі көп қабатты үйді қашан тапсырасыздар?

- Бұл үйлер шілде айында тапсырылады.

Фархат ӘБІЛОВ 


Сурет пен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1222 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Бас дәрігерлердің басы қатты  1742 рет қаралды

Экс-әкімнің ісі бойынша процесс: таңдаулы тараулар  3426 рет қаралды

"Күдер үзуге әлі ерте"  198 рет қаралды

Той тартусыз болмайды  615 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6