Атырау, 22 маусым 06:47
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

​Көктемде «Tальго» билеттерін 20% жеңілдікпен алуға болады

13 наурыз 14:51


«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізу туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жеңілдіктер пайызы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына байлынысты. № 701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%; № 703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына - 15%; № 709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20%; № 89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына - 20% жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35%-дық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.

Осылайша көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50%-дан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

315 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Түркістанда баспана қымбаттауы мүмкін - Перуашев   124 рет қаралды

​Базалық зейнетақы төлемдер есебі туралы анықтаманы eGov.kz арқылы алуға болады   211 рет қаралды

​Эстонияда қоғамдық көлік толықтай тегін болады  159 рет қаралды

​"КХДР ұлы ұлт болады" - Трамп Ким Чен Ынмен кездесуі жайлы  202 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6