Атырау, 26 сәуір 03:14
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Ластану себебін анықтайды

5 сәуір 16:01

Көрнекі сурет

Сәуірдің 1-не қараған түні Атыраудағы бірнеше ауданда, соның ішінде, Нұрсая мен Балауса ықшам аудандарында ауадан шірік жұмыртқаның иісі қатты шығып тұрды. Сәл кейінірек «Қазгидромет» 1-2 сәуірде №6 автоматтандырылған мониторинг станциясында ауаның 9 жоғары және 2 төтенше жоғары күкіртсутегімен ластану жағдайлары тіркелгені туралы мәліметті жариялады.

- Облыстық әкімдік бізге ластану себебін қысқа мерзімде анықтауды тапсырды. Ол үшін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, біздің департаменттің, сондай-ақ, Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметкерлерінен топ құрылды, - дейді Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Қайратқали ҚАЙРОЛЛА. – Бұдан басқа, 2 сәуірде сағат 12-де өткен жылдың аяғында Сасықсайдан «Атырау су арнасы» балансына алынған №14 кәріз желісі бойынан біздің аспаптарымыз күкіртсутек бойынша 21 есе ШРК асқандығын анықтады.

- Менің білуімше, сіздер сатып алған аспаптар әзірге аттестаттаудан өтіп жатыр ғой.

- Аттестациядан өткен аспаптар сотта дәлел ретінде ұсыну үшін қажет. Біз әзірге соттасып жатқан жоқпыз, тек ауаның ластануын анықтаймыз. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

857 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Желтоқсанда қандай ауа жұттық?  690 рет қаралды

Қазгидромет ШҚО-дағы дауылдың шығу себебін түсіндірді   694 рет қаралды

Пашинян: Жаңа премьер-министр бір аптаның ішінде сайланады  164 рет қаралды

Астанада төрт бала жоғары қабаттан құлап кетті  125 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4