Атырау, 20 шілде 21:00
Түнде ашық+29, таңертең +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Қытайдан келген қазақ жастары-3    

6 сәуір 10:45


Жақында Атырау мұнай және газ университетінде оқитын Қытайдан келген 20 шақты қазақ студенті аталмыш оқу орнының жанына жиналып, оқу ақысы мәселесіне орай наразылықтарын білдірді. Негізгі талап - сол баяғы оқуға түсерде уәде етілген оқу ақысына 25 пайыз жеңілдікті беру. Айта кету керек, бұл жағдай біраз уақыттан бері шешімін таппай келеді және қаңтар айында ректор Әли ӘБІШЕВ оларға жеңілдіктерге қатысты нақты уәде берілмеген айтқан болатын.


Жақында бұл студенттерге  6 сәуірге дейін оқу ақысын (347 мың теңге) толық төлемесе және бірінші семестрдегі емтиханнан құлап, қарыз болып қалған (әр емтиханға 9 мың теңге) ақшаларын өтемесе, сабаққа кіргізілмейтіні ескертілген.


Айдангүл ӨМІРБЕК

- Бізге 25 пайыз жеңілдік болмайды, яғни, қалған 80 мыңға жуық теңгені төлеңдер дейді. Бұған біздің мүмкіндігіміз жоқ. Енді оқу ақысын қалай төлейміз деп басымыз қатып отыр, - дейді АтМжГУ-нің 3-курс студенті Айдангүл ӨМІРБЕК. -Сабақтан тыс уақытта әр жерде жұмыс істеп, ақша тауып жүрміз. Бірақ, бұл ештеңеге жетпейді. Қазір бірімізде жоқ болса беріп, бір-бірімізге көмектесіп жүрміз. Біз Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қытайдан келіп, оқып жатқан жерлестерімізбен араласып тұрамыз. Оларда мұндай қиыншылықтар жоқ. Оларға оқу ақысына 25 пайыз емес, 50 пайыз жеңілдік жасалған.


Университет оқытушылары


Балғымбек ҚАБЫЛМҰРАТ:

- Біз университетке келгенде біраз жеңілдіктер жасалды, біз оған разымыз. Мысалы, орыс тілін мүлде білмейтінбіз, бізге тегін орыс тілі курстарын ұйымдастырды. Кирилше жазып білмеуіміз себепті сабақтардан емтиханды ауызша тапсырып жүрдік. Кейін 3-курсқа келгенде «Платон» автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ауыстық. Емтихан тапсырдық. Балалар одан құлап жатты. Кредит көбейді. Менің басымда төрт емтихан үшін қарыз бар -36 мың теңге. 


Балғымбек ҚАБЫЛМҰРАТ

Самғар НҰРДӘЛІ:

- Біз Атырау мұнай және газ университеті біліміне ешқандай шәк келтірмейміз. Тек ішінара жеңілдіктер берсе дейміз. Бізге арнайы келісімшарт жасалмай отыр. Біздің келісімшартта төрт жылға оқу ақысына 25 пайыз жеңілдік жасалған, яғни, 270 мың теңге деп көрсетілуі керек еді. Ал бізге жергілікті студенттерге арналған бір жылға жасалған жеңілдік туралы көрсетілмеген келісімшарт берді.


Самғар НҰРДӘЛІ

2015 жылы Атырау мұнай және газ институтына (университет мәртебесі кейін берілді) Қытайдан келген 104 талапкер түскен еді. Қазір 66 студент қана оқуын жалғастырып отыр.



Айнұр САПАРОВА 

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2606 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қытайдан келген қазақ жастары-4. Әкім нүкте қойды  1444 рет қаралды

«Мамандық алсам, осында қалғым келеді»  1149 рет қаралды

Қытайдан келген қазақ жастары-2  9036 рет қаралды

Қытайдан келген қазақ әйелге тәркіленген 40 мың доллары қайтарылады   668 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6