Атырау, 26 сәуір 03:09
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Кәсіпкерлермен «ашық әңгіме»    

6 сәуір 17:21


Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВТІҢ жергілікті кәсіпкерлермен кездесуінде әңгіме билбордтар, істі жаңа бастаған кәсіпкерлердің құқықтық сауатсыздығы, іргеқабаттар мен қоғамдық дәретханалар туралы өрбіді. 

- Көптеген түйіткілді мәселелеріңізді осы кездесуде шешуге мүмкіндік бар,- деді «Атамекен» ҰКП-нің Атырау филиалы өңірлік кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА. - Тек эмоциясыз, асықпай, маңызды сұрақтарды қойыңыздар.


Асхат БАҒЫТ, «Полифасад» ЖШС-нің директоры:

- Біз нарықта 5 жылдан бері полиуретен материалынан үй сыртына арналған декоративті жапсырма өндіреміз. Сапасы да жақсы, бағасы да төмен. Бірақ, өкінішке орай, біздің өнімді жергілікті құрылыс нысындарына пайдаланбайды. Мемлекеттік органдарға өнімдерімізді көрсетуге барғанда, қарайды да, кейін үнсіз қалады.

- Қаладағы құрылыстарға материалдарды Ақтөбеден тасымалдап жатырмыз. Кірпіш, газкірпіш, құм мен шебін тасы да сол жерден келеді. Ал құрылыс сыртын әрлеуге арналған өнімдерді Ресейден алып отырмыз, - деп жағдайды түсіндірді Шапкенов. - Өзімізде осындай құрылыс материалдары шығатын болса неге өзіміз алмаймыз? Бұл мәселемен айналысамыз.


Айгүл, жарнама агенттігінің басшысы:

- Мен көпбалалы анамын. Жалғыз табысымыз - көшедегі билбордтардан түсіп отыр. Енді келіп әкімдіктегілер жарнаманы алып тастаңыз дейді. Оны алып тастасақ біз жұмыссыз қаламыз.

- Бұл мәселемен таныспын. Билбордтарды алу жөнінде хабарламаны тағы 40 кәсіпкер алды. Сіздердің билборд қоятын жерлерді жалға алу уақыттарыңыз аяқталды. Сонымен қатар, сіздерге ситиборд (  Жарық диоды арқылы жанып тұратын, әйнекпен қоршалған жарнама конструкциясы - Ф.Ә.) қойыңыздар деп айтқанмынАэропорттың жолымен өтсеңіздер жыртылып жатқан, түсіп қалған билбордтарды көресіздер. Оның орнына әдемі, жаңа заманғы жарнама түрін қойыңыздар.

- Ситиборд қаламызда тиімсіз. Ауа райына байланысты кейін әйнектері сынып, жарамсыз болып қалуы мүмкін.

- Жарнамаға кеткен шығынды ақтап аласыздар ғой. Оған көмектесеміз. 5 жылға несие алып ситиборд орнатсаңыздар, жалға алу мерзімін 5 жылға дейін ұзартайық. Ескерту хатын алған 40-тан астам кәсіпкер маған келсін, сөйлесеміз.


Туристік компанияның директоры Нұржан КӨШЕРБАЕВ:

- Қазір қалада жас кәсіпкерлер өте көп. Бірақ, бәрі салық жағынан сауатсыз. Соларды оқыту керек еді.

- Кәсіпкерлер палатасында оларға көмек беретін мамандар бар. Еш қымсынбастан келсін, кеңес алсын.

- Қалада көппәтерлі үйлердің астындағы іргеқабаттарды кәсіпкерлер алғысы келеді. Бірақ, мәселе көп. Соны шешіп берсеңіз?

- Ол жерлердің барлығының иелері бар. Кезінде жекеменшікке өтіп кеткен. Бірақ, қолданылмастан тұр. Соларды сот арқылы қайтаратын боламыз.


Кездесуге келгендердің бірі көшедегі қоғамдық туалеттер жөнінде сөз қозғады: қала аумағында қоғамдық дәретхана жоқ, туристерден ұят (неге тек қонақтардан ұят болуы керек?). Шапкенов бұл мәселемен айналысатынын жеткізді.


Фархат ӘБІЛОВ 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

649 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырау Лондон емес, әкімді аялдамалардан көрмейсің  2756 рет қаралды

Диалог үшін алғашқы алаң – бос жер  1231 рет қаралды

«Air Astana» жаңа Атырау-Франкфурт рейсін ашады  318 рет қаралды

​Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеудің толық мәтіні жарияланды  872 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4