Атырау, 20 шілде 13:53
Кешке ашық+31, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Жанған қамыс сөнер емес

9 сәуір 21:28


Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бес гектар жері отқа оранды. Қорықтың сулы-балшықты алқабындағы қамыс өртеніп жатыр, тілсіз жауды ауыздықтауға резерваттың 40 инспекторы жұмылдырылды.  

Құстың 300-ден астам түрі мен 100-ден астам жануар мекендейтін қорықтағы қамыс өрті 8 сәуірге қараған түнде басталды.  

Әсел ҚАЛЖАНОВА, Атырау облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын аймақтар бөлімінің басшысы:

- Бұл – балшық-сазды жер, техника жете алмайды, сондықтан өртті резерват инспекторлары өз күштерімен сөндіріп жатыр. Соңғы деректер бойынша өрт ауқымы 5 гектарды құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ.  

Өрт себептері анықталып жатыр. Тілшінің ТЖД-ға ахуалға байланысты маман пікірін білу үшін соққан қоңырауына "9 сәуірде сағат 15.00-ге дейін резерваттағы өрт туралы хабарлама түскен жоқ" деп жауап берілді. 9 сәуір күні кешке теңіз жақтан көрінген түтін сейілген жоқ, яғни, өртті сөндіре алмай жатса керек.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1136 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Теңізде қамыс өртеніп жатыр  948 рет қаралды

«Ақжайық»резерватында қамыс өртеніп жатыр  907 рет қаралды

Түтін тағы тұншықтырды  1642 рет қаралды

"Ақжайық" резерватындағы қамыс өртеніп жатыр  910 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6