Атырау, 20 шілде 13:50
Кешке ашық+31, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Жұмысқа кетіп, оралмады

10 сәуір 12:26


Өткен жылы Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына 353 арыз-шағым түсіп, 78 кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды. Өндірісте 50 жазатайым оқиғасы орын алып, 12 адам қаза тапты.  Бұл туралы өткен брифингте басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ мәлімдеді.

 «АЖ» сұрақтары:  

- Еңбек заңнамаларын жиі бұзатын жұмыс берушілерге айыппұлдан бөлек қандай жаза қолданылады?

- Айыппұлдың өзі үлкен жаза болып саналады, өйткені алға қарай олардың тендерге қатысуына қиыншылықтар туғызады. Себебі салынған әкімшілік айыппұл мекеменің конкурстық өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға негіз болады.       

- Жазатайым оқиғалар көбінесе қандай салаларда орын?

- Жазатайым оқиғалардан құрылыс саласы мен  мұнай кен орындары көш бастап тұр. Жұмыс берушілер жазатайым оқиғаға жол бергендері үшін ҚР Қылмыстық кодексiнің 156-бабы бойынша жауапкершлікке тартылады, яғни, онда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет немесе әрекетсіздік бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

- Кейбір кәсіпорындар өндірісте алған жарақаттарды жасырып бағады.

- Мұндай проблемалар да бар. Алайда біз қазір жедел жәрдеммен тығыз байланыстамыз. Егерде кәсіпорыннан аумағынан жедел жәрдемге шақырту түсетін болса, онда олар бірден біздің инспекцияға хабарлайды. Еңбек кодексі бойынша кәсіпорын өндірісте болған жазатайым оқиғаны 24 сағатта мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарлап, «Жазатайым оқиғаның орын алуы» туралы акт жасақтауы тиіс. Жасырса, тиісті жазасын алады.  Қазіргі уақытта 19 мекемеге 9 миллионға жуық айыппұл салынды.        

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1315 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қала түтін сасыған ауаның құшағында-2  1800 рет қаралды

Айыппұл төледік, енді тиіспеңіз  1384 рет қаралды

​Мәжіліс шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқығын қорғайтын құжатты мақұлдады   98 рет қаралды

Жол ережесі айыппұлын азайтатын заң қабылданды  733 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6