Атырау, 26 сәуір 03:12
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Күндізгі торуыл    

12 сәуір 15:36


10 сәуірде құқық қорғау органдары Бекіре-2018» акциясы аясында Жайық өзені бойына рейдке шықты. Торуылға шыққан қос кеменің алдыңғысында Атырау облыстық ІІД-нің балық қорын қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлері болса, келесі кемеде  аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторлары мен «АЖ» тілшісі болды.

Күндізгі уақыт болғандықтан ба, рейд барысында аса ірі құқықбұзушылықтарға куә болмадық. Тек полицейлердің жолы болғандай: олар браконьерлікпен күдіктелген екі адамды ұстады.

ІІД-нің балық қорын қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары Аманжол ЖУКАНОВ:

- Өзеннен теңізге өтер бағыттағы Жамбыл ауылы тұсында қолдан жасалған қайыққа отырған екі жігіт полиция катерін көріп қаша жөнелді. Алайда, «Бүркіт» жасағы дереу артынан қуып жетіп құрлықта қамыстың арасынан қолға түсірді.

Біз оқиға орнына жеткенімізде оларды қаруланған арнайы жасақтың төрт жігіті қоршап тұрды. Алайда күдіктілер заңсыз балық аулауға шықты деген айыппен келіспейтінін, өздері мал іздеп шыққандарын айтып ақталды. Қайық та олардікі емес-мыс. Дегенмен олар отырған қайықтан балық аулау құралдары табылды. Күдіктілерге аса қорғалған аймақтан заңсыз балық аулағаны үшін  әкімшілік хаттама толтырылып, жүзу құралы тәркіленді.  

Бұдан соң рейдке қатысушылар өзеннің теңізбен шектесетін жеріне дейін барып кеңістікті дүрбімен бір шолып шықты. Бұл жақта кооперативтердің рұқсатпен жүрген қызметкерлерінен басқа заңсыз  балық аулап жүрген жан көрінбеді.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2089 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Төбелескіш жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды  1729 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  1055 рет қаралды

Жемқор тергеушіге үкім шықты  948 рет қаралды

Балықтың қай түрі үшін де жаза қатал  1348 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4