Атырау, 26 сәуір 03:16
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Премьер-министр Атырауға келді    

14 сәуір 21:29


13 сәуірде ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ Атырауға жұмыс сапарымен келді. Ол Махамбет аудан орталығындағы Жайық арқылы салынып жатқан көпір құрылысының барысымен, мұнай-химия технопаркінің және полиэтилен өндіретін зауыттың жұмысымен, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-дағы өндірісті цифрландырумен танысып, жергілікті жоғарғы оқу орындары мен колледждердің басшыларымен және студенттерімен кездесті.

Музыка академиясындағы (артқы жағында студенттерге жаңа жатақхана салынған) кездесуде премьер-министр бүгінгі таңда сұранысқа ие кәсіптерді оқытудың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.

- Қазір 4-ші өнеркәсіптік революция дәуірі басталуда. Бірінші кезекте ақпараттық және сандық технологиялар саласындағы мамандар қажет,  - деді Сағынтаев.

- 2017 жылы Абу-Дабиде WorldSkills International кәсіби шеберлік бойынша әлем чемпионаты өтті. Қазақстан 77 орыннан 24-ші орынды иемденді, алайда біз заманауи жабдықтармен жарақталған болсақ, өзімізді жақсы жағынан көрсете алар едік, - деп атап өтті Атырау политехникалық колледжінің студенті Еркебұлан СЕРІКҚАЛИЕВ.

Баспанамен қамтамасыз ету және жергілікті орта арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін кепілді түрде жұмыспен қамтамасыз ету туралы сұрақтар бойынша премьер-министр елде басқа да осындай көптеген колледждер мен институттардың бар екендігін айтып, бұл түлектердің олардан несі кем дегендей орынды  жауап берді. Тіпті, Атырауда тұратын әрі оқитын студенттер бірінші кезекте: менің білімім бүгінгі күні кез-келген кәсіпорынның талаптарына сәйкес келе ме, деп ойлауы керек. Жоғары оқу орындарының басшылары да, жастардың өздері де осыны қолға алуы қажет.

Сағынтаев Привокзальный ықшам ауданындағы №3 емханаға барды. Емхана директоры Айман ӨТЕГЕНОВА оны денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру барысымен таныстырды. Кездесуге басқа да медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жас және тәжірибелі мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жаңа жолмен қалай шешіліп жатқанын әңгімеледі.

- Бөлінген қаржының жетіспеуі салдарынан шығын материалдарының және дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесі орын алып отыр, - деп атап өтті облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Марат ҚОНЫСОВ.


Кездесудің қорытындысы бойынша Премьер-министр жергілікті атқарушы билікке де, мұнай астанасында жиналған Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВҚА, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕККЕ, Білім және ғылым министрі - Ерлан САҒАДИЕВҚА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алик АЙДАРБАЕВҚА да тапсырмалар берді.

Атырауға келмес бұрын Сағынтаев жұмыс сапарымен Шымкент пен Қызылордаға барды. Өңірлер үшін осынау өкілдік делегацияның қысқа сапары қаншалықты жемісті әрі пайдалы болатынын уақыт көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, қазіргі үкімет басшысы бұған дейін 2017 жылдың қыркүйегінде Атырауға келген еді. Сол кезде ол техникалық ағылшын тілін жетік меңгерген APEC PetroTechnic студенттерімен кездесуден шабыттанған болатын. Ол кейін отандық және шетелдік мұнайшылармен кездесу кезінде олардың дайындық деңгейі жоғары екенін айтуды да ұмытпады.

Айтпақшы, сол кезде де жаңа ақпараттық технологияларды енгізу туралы әңгіме болды. Ал осы сапарда Сағынтаевқа «ЕМГ» компаниясында кеніштердің біріндегі мұнай өндірісін цифрландыруды таныстырды.




Анастасия АЛЮШИНА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1253 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Үлкен дайындық  1432 рет қаралды

Өміршең жауынгер  2689 рет қаралды

Саясаткер һәм теңіз  4463 рет қаралды

Темір жолдан бақытын тапқан  1199 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4