Атырау, 26 сәуір 03:17
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

​Көлігімен кісі қағып өлтірді деген күдікпен Риддер қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

16 сәуір 11:59


Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы жас жігітті қағып өлтірді деген күдікпен уақытша оқшаулағышқа қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болып отырғанындай, «BMW Х5» автокөлігі Айдарханов көшесімен келе жатып, жол жиегінде оң жақта бағдарлас келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылғы ер бала жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырған. Тексеру барысында «BMW Х5» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісінің мас болғаны және оның Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталған. 

Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні сағат тоғызға таяу тіркелген. Риддер қалалық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (көлік құралдарын басқарған адамның көлік құралын пайдалану немесе жол ережесін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Облыс әкімінің тапсырмасымен жол-көлік оқиғасының тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

115 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Риддер әкімі орынбасарының адам қағып, қашқан сәтінің видеосы жарияланды  98 рет қаралды

Мельбурнда жаяу жүргіншілерді көлік қағып, 19 адам жараланды  438 рет қаралды

Қарапайым жол-көлік оқиғасы елді шулатты  2177 рет қаралды

Мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды  676 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4