Атырау, 26 сәуір 03:15
Таңертең ашық+15, күндіз +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

​Елбасы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады

16 сәуір 15:01


Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты. 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

106 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқару деңгейлерін қысқартуды тапсырды   156 рет қаралды

​Елбасы Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады  318 рет қаралды

мерекелік күндер күнтізбесін бекітілді  873 рет қаралды

Жекешелендіруден мемлекетке 7 млрд доллар шамасында табыс түсуі мүмкін   797 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4