Атырау, 20 шілде 13:48
Кешке ашық+31, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

​Қытай АҚШ пен оның одақтастарының соққыларын жауапсыз деп атады

16 сәуір 16:17


Сирия билігіндегілер химиялық қару қолданған болуы мүмкін деген сылтаумен АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдерінің Сирия бойынша жасаған әскери соққысы жауапсыз болып саналады. Бұл туралы бүгін, 16 сәуірде ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз осы үш елдің (АҚШ, Ұлыбритания және Франция - автор) жоғары лауазымды тұлғаларының Сирия химиялық қару қолданған болуы мүмкін екені жайлы айтқан мәлімдемесіне назар аудардық. Егемен елге осындай себеппен әскери соққы жасау жауапсыз әрекет деп санаймыз", - деді брифинг барысында Хуа Чуньин. 

Басылымның мәліметінше, АҚШ, Ұлыбритания және Франция өкілдері сенбі күні таңғы уақытта Сирияда химиялық қару өндірісімен айналысады делінген үкіметтік нысандарға соққы жасаған.  Осыған дейін Сирияға жасалған зымыран соққыларының видеосы пайда болған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

277 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирияға соққы жасады  664 рет қаралды

Британия флоты Сирияға шабуыл жасауға дайындала бастады  817 рет қаралды

​Сирия төңірегіндегі жағдай ушықты  537 рет қаралды

БАҚ: АҚШ Сирияда әскери контингентін қалдыруға ниетті  480 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6